Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетгв парақшасында доктурантураға байланысты сүйінші жаңалығымен бөлісті деп жазады Democrat.kz.
«Енді грантпен докторантураны (PhD) бітірген азаматтар мектептерде және басқа да білім беру ұйымдарында еңбек етіп, міндетті жұмыс өтеу мерзімін өтей алады.
Біз ұсынған авторлық түзетулер заң болып бекітілді.
Бұрын докторанттар оқу бітірген соң жоғары оқу орындарында, ғылыми институттарда немесе мемлекеттік органдарда жұмыс істеуге міндетті болатын.
Ал іс жүзінде біздің мектептерге және басқа да білім беру ұйымдарына дәл осындай терең білімі бар мықты PhD докторлары өте қажет еді. Бірақ қатал норманың кесірінен жас мамандар мектепке бара алмайтын, өйткені ол жақтағы жұмыс міндетті өтеу мерзімі ретінде есептелмейтін.
Біз бұл кедергіні алып тастадық.
1. Мектептер мен білім беру ұйымдары мықты кадрлармен күшейеді. Балаларымыз заманауи зерттеушілерден тікелей дәріс алады.
2. Түлектерге таңдау беріледі. Олар тек жоғары оқу орындарымен шектелмей, орта білім беру саласында да кедергісіз қызмет ете алады. Ондағы жұмыс өтеу мерзімі заңды түрде толық есептеледі.
Мықты ғалымдар тек жоғары оқу орындарында ғана емес, мектептерде де аса қажет.» - деді ол