Танымал журналист Асхат Садырбай отбасылық мәселесі бойынша апелляциялық сотта да жеңіске жеткенін хабарлады деп жазады Democrat.kz.
"Сен биіктеген сайын сенің жетістігіңе қуанып қолдайтындар бар, ретін тауып аяқтан шалып, күйе жағып қорлайтындар бар. Бұл өмірдің жазылмаған заңы.
Бұндай сынақтан бәрі өткен, өтіп жатыр, өте береді де. Ал, бәрінен бұрын ең қиыны жаныңда жүріп, сеніміңе кіріп, арқаңа пышақ сұғатындар. Жамандыққа қияйын десең жаныңда жүріп бір нанды бөліп жеген, қимайын десең тірлігі анау.
Ұзын сөздің қысқасы-мені айыптағандар аппеляциялық сот сатысында да жеңілді.
Бірінші сатыдағы соттың әділ шешіміне келіспей аппеляцияға шағымданған өздері. Екінші сатыдағы сот та соны айтты.
1 жылдан бері осы жағдаймен жіті танысып, заңгерлік қызметін аямаған, әділдік жолында елге қызмет етіп жүрген білікті заңгерлер Нұрболат Ибраев @nurbolat_zanger пен Аида Қуандықоваға @aida_advokat зор алғысымды білдіремін. Еңбектеріңіз жемісті болып, абыройларыңыз арта берсін. Жылға созылған сериалда бұл кісілер де көп нәрсеге куә болды.
Жалған әңгімеге сеніп әрнәрсе жазғандардың сөзінен мен сорламаймын. Жұртқа беті бүлк етпей өтірік айтқандар, сол өтірікке өре түрегеліп қолдағандардың ар-ұяты соттан бұрын жаратушы Алланың алдында!"деп жазды журналист.