Журналист Асхат Садырбайдың бұрынғы әйелі Айғаным Болатқызы әлеуметтік желіде жазба жариялап, ендігі жерде сұмдық шындықтарды жариялайтынын айтты деп жазады Democrat.kz.
"Маған Асхаттың екі адвокатымен отырып, 5 маусымда берген сұхбатында Аида Қуандыкова: «Соттан небәрі 100 мың теңге сұралды» деді.
Ал нақты шешімде – 1 миллионға жуық талап қойылған (шешімнің соңғы парағында сома анық көрсетілген). Өтірік сараптамаларды қосып…
Асхаттың адвокаты Аида Қуандықова @aida_advokat сот процесі кезінде менің жеке өміріме өтіп, сау баламды «ауру» деп айыптауға дейін барды. Одан да Алладан өзіне сәби тілемей ме?..
Соттан шыққан күні балам екеуміз қалай жылап, қаншалықты жаман күйге түскенімізді көпшілік көрді.
Менің өмірімді ойыншық етіп, заңның артына тығылып жабылып айыптағанша – шындықты мойындамай ма?..
Сот шеше алмаса біртіндеп шындығымды шығарамын!"деп жазған Айғаным Болатқызы сот шешімінің құжаттарын да қоса жариялады.
Мұнан бөлек, Айғаным Болатқызы бұған дейін жарыққа шығармаған отбасылық бір видеоны да әлеуметтік желіге: "
Жанымның қатты ауырған сәттері…
Осындай видеолар аз емес.
Бұл бейнеде — менен баламды жұлып алып, «өзім ұйықтатамын» деп, баланың да жайын ойламаған шағы.
Сол күні жасамаған әрекеті қалмады…
Амалдың жоқтығынан дәлелім болсын деп түсіріп алғаным еді" деп жариялады. Мұнан бөлек, ол Жоғарғы сотқа дейін баратынын мәлімдеді.

