Асхат Садырбайдың экс-әйелі ресми мәлімдеме жасады

Асхат Садырбайдың экс-әйелі ресми мәлімдеме жасады

Әлеуметтік желідегі парақшасында журналист Асхат Садырбайдың бұрынғы әйелі Айғаным Болатова мәлімдеме жасады деп жазады Democrat.kz.

"Бұған дейін «Асхат Садырбай баласына көмектесіп жүр» деген сөз айтқаным рас. Бірақ бұл — шындыққа жанаспайтын мәлімет. Осы сөзімді ресми түрде жоққа шығарамын. Шындығында, Асхат баласына тұрақты түрде көмектеспейді. Күні кеше ұлымның туған күні өтті. Ол тек 1-2 минут ғана құттықтады, 2 минутта көршісі де құтықтай алады.Бір торт аперіп, құттықтауға да жарамады. Ұлымның оқуына, киіміне, барлық күнделікті қажеттіліктеріне қатысты шығынды тек өзім көтеріп келемін. Бұрынғы видеода мен Асхат әке ретінде түзеліп, баласына қамқор болады деп сеніп айтқан едім. Бірақ өмірде олай болмай жатқанын ашық мойындаймын. Баланы сөзбен емес, іспен сүю керек. Әкелікті атымен емес, нақты әрекетімен дәлелдеу қажет" деп жазды Айғаным Болатова. Фото интернеттен.
Барлық жаңалықтар