Танымал әнші Асхат Тарғын үйінің маңынан тұрғын үй кешенін салып жатқан құрылыс компаниясына шүйлікті.
Өнер иесі Алматы қаласының іргесіндегі Бесағаш ауылына жер үйге көшкен еді.
“Buta Group компаниясы үй салғаннан бері үлкен бір проблема болып тұр. Өйткені ешқандай жұмысы талапқа сай емес. Көшемізді бүлдірді. Тас та төселген жоқ. Құм-топырақ араласып, шаң үйге кіріп жатыр, тереземізді аша алмаймыз. Жүк көлігінен шыққан шаңды көріп тұрсыздар. Күніне осы жерден 90 КамАЗ өтеді, мазамыз қашты. Таңғы жетіден басталады, ұйқы жоқ. Алдында сенбі, жексенбіде де жұмыс істеді", – дейді Асхат Тарғын.
"Былтыр ғана көшіп келіп едік": Асхат Тарғын зәулім үйін көрсетіп, тосын жаңалықты жария етті
"40 жыл бұрын ісік пайда болған": Асхат Тарғын әкесінің денсаулығына алаңдайтынын жеткізді.
Эстрада жұлдызы көршілерімен біргеКТК арнасын да шақырып, мәселені көтерген.
“Біз бұл жолды қалпына келтіру мәселесін толық қолға аламыз. Су құбырларын да тартуды өз жауапкершілігімізге аламыз. Жолға талапқа сай, ыстық асфальт төсейміз және құрылыс кезінде оны күтіп ұстаймыз. Келісімшарт бойынша құрылысты 2027 жылдың ортасында аяқтауымыз қажет", – деп түсіндірді Buta Group ЖШС өкілі Ермек Саурықбаев.