Елдің батыс шекарасындағы армия өмірінің таң қалдыратын жағдайлары мәлім болды. Ақтөбе гарнизонының әскери сотында аға лейтенант Сұлтан Конаровқа үкім шығарылды. "Тасмола" шекара бөлімшесінің (БҚО) Жас және перспективті 25 жастағы бастығы өзінің жеке "әскери бизнесі" үшін сотты болды деп хабарлайды Democrat.kz.
Офицер өзінің қарамағындағы 19 сарбазға нақты қылмыстық тарифтер жүктеп отырған.
Пысық Конаровтың прейскуранты төмендегідей болыпты:
"Заставаны жөндеу" үшін деп жауынгерлерден 300 мың теңге жинап алып, бірақ казарманың ремонтын жасаудың орнына өз үйіне жаңа пластикалық терезелер салып, қошқар сатып алған.
"Демалыс билеті": ата-анаңа барғың келе ме? Онда командирге Adidas кроссовкаларын интернет-дүкен арқылы сатып аласың. Кейбіреулер өздерінің заңды демалыстарынан 150 мың теңгеге дейін беруге мәжбүр болған.
2025 жылдың аяғында Тәуелсіздік күнін қарсаңында Конаров қызмет үздіктерін сөгіспен бопсалаған. Көтермелеу тізіміне ену үшін екі жауынгер оған 143 мың теңгеге ноутбук сатып алады. Ал сыйлыққа келген 150 мыңнан ақша оның жұбайының картасына түскен.
"Әскери бинестің" ақыры сарбаздардың бірі басшылыққа жасырын SMS жібергеннен кейін тоқтаған. Майорлар Кәкімов, Отарбаев және Егізтаевтың тексеруі осы қорқынышты жайттарды түгелдей растады.
2026 жылдың 12 мамырында судья Сәулет Валиева Конаровқа 6 жыл бас бостандығынан айыруға, сарбаздарға шығын төлеуге шешім шығарды. Айтпақшы, Конаров өз кінәсін мойындамады.