"Әскери дрондар қазақ жеріне бірінен соң бірі құлап жатыр" деген Жәнібек Қожық министрге үндеу жасады

"Әскери дрондар қазақ жеріне бірінен соң бірі құлап жатыр" деген Жәнібек Қожық министрге үндеу жасады

Қоғам белсендісі Жәнібек Қожық Қазақстан Республикасы Қорғаныс министріне арнайы үндеу жариялады деп жазады Democrat.kz.

"Құрметті Дәурен Жұматайұлы!

Дүние жүзінде саяси жағдай шиленісіп барады.

Иран мен Израиль арасындағы соғысқа АҚШ кірісті.

Әлемнің ауыздары дуалы саясаткерлері, “үшінші дүние жүзілік соғыс басталып кетуі де мүмкін” деп отыр.

Соңғы кездері соғыс ошақтарынан ұшқан әскери дрондар қазақ жеріне бірінен соң бірі құлап жатыр.

Әлгі дрондар жақында Маңғыстау жеріне келіп құлады.

Әзірге құдай сақтап тұр.

Бірақ құдай да ”Сақтанғанды сақтаймын” деген екен.

Иран мен Израиль арасындағы соғыс шиленісіп барады.

“Жаман айтпай жақсы жоқ” деген, әлгі зымырандар мен әскери дрондар қалаға, елді мекендерге, тіпті МАЭК-ке құлауы мүмкін?!

Қаңғыған, не арандатуға жіберілген дрондар МАЭК-ке түсетін болса, Маңғыстаудың өндірісі 100 пайыз тоқтайды.

Ал оны қалпына келтіруге бірнеше жыл уақыт, жүздеген миллиард қаржы кетеді.

Сондықтан да Маңғыстаудың әуе кеңістігін қорғауды күшейту қажет.

МАЭК сияқты қауіпті өндіріс орындарына әуе қорғанысын орнатқан жөн.

Ертең кеш қалып жүрмелік.

“Қауіп қайдан болса, қатер содан” деген…

Біздің тілегіміз, еліміздің, жеріміздің аман болғаны" деп жазды Жәнібек Қожық.

Фото көрнекілік үшін. 

Барлық жаңалықтар