Танымал актер Нұрсұлтан Жақсыген өзінің парақшасында бұрынғыдан бетер оқырмандарымен салғыласып, жұрттың ренішін оятты деп жазады Democrat.kz.
Нұрсұлтан Жақсыген парақшасында "Әлемде ажырасқан Тұрсынбек екеуміз ғана сияқтымыз" деп жұрттың ашуына бір тисе, енді бірде тіпті оқырмандарын "бейшаралар" деп кемсітуден де тартынбады.
"Қарыздан қарыз болып әркімнен ақша сұрап сүмеңдеп кредитіңті төлей алмай, квартирада тентіреп, өмірің бал қып көрсетейін десе де көтіңнее шығып тұрып біреудің өмірі жайлы айтасың ұялмайсың ба? Оданда жұмыс істеп тірлік істеп ата анаңа үй салып беріп қажылыққа жіберіп, батасын алып, тірлік жасаңдаршы"
"Жағдайы барлар жақсы жерде жүріп жақсы өмір сүреді, ал іші тар адамдар армандары орындалмай қалған бейшаралар комент жазып отырады ( еще қырық қарызы бар, квартирада жүр сандалып, еще өзінің өмірі өзіне ұнамайды) еще біреуге әңг айтқыса келеді қызық"деген жазбаларды тоқтаусыз жазып отырған актер әр оқырманымен салғыласып, еркектікке жараспайтын әрекетке баруда.
Актердің оқырмандары "мынаған "қой" дейтін айналасында ақылы бар адам жоқ па" деп дабыл қағып бастады.
Өкінішке қарай, Нұрсұлтан Жақсыгеннің бос, бәдік, әдепсіз сөздеріне "тоқта" дейтін ешкім шықпай тұр.
Пәтер жалдап жүрген қазақ жетіскеннен, ақымақтығынан олай қаңғып жүрмегенін білмей ме, актердің бұл астамдығын қалай түсінбек керек?
Әлде пәтерде жүрген қазақтың бәрі арзан шоуларда сайқымазақ болып, ешкім көрмейтін сапасыз киноларда актер болып, бюджеттің ақшасын сорып, қос қостан пәтер алатын басқалар сияқты "жылтыр" болмағанына кінәлі ме?
Дайындаған Әлия БОЛАТҚЫЗЫ.