Астанада әйел пышақ жарақатынан қаза тапты: күдікті ұсталды

Астанада әйел пышақ жарақатынан қаза тапты: күдікті ұсталды

Астанада әйелге пышақпен шабуыл жасалып, ол алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Полиция күдіктіні ұстап, кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Сонымен қатар полиция күдіктінің құқық қорғау органында қызмет ететіні туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп жазады Democrat.kz.

Елорда полициясының мәліметінше, оқиға туралы хабар 22 қыркүйекте шамамен сағат 20:00-де түскен.

Оқиға орнына жеткен қызметкерлер ер адамның әйелге пышақ жарақатын салғанын анықтаған.

Жәбірленуші алған жарақатынан сол жерде қайтыс болды.

Күдікті жедел ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Әлеуметтік желілерде күдіктінің полиция қызметкері екені туралы ақпарат тараған. Астана полиция департаменті бұл мәліметтің шындыққа сәйкес келмейтінін ресми түрде хабарлады.

Күдіктінің кінәсі мен қылмыстың нақты мән-жайын сот пен тергеу анықтайды. 

Барлық жаңалықтар