Астанада бір жүргізуші сегіз айда 306 рет жол ережесін бұзған

Астанада бір жүргізуші сегіз айда 306 рет жол ережесін бұзған

Астанада 25 жастағы жүргізушінің биыл жол қозғалысы ережесін 306 рет бұзғаны анықталды. Ол 169 рет жылдамдықты асырып, 134 рет автобус жолағымен жүрген және сот шешімімен 10 тәулікке қамалды, деп жазады Democrat.kz.

Елорда прокуратурасы бейнебақылау мен әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі деректерді мониторингтеу кезінде Hyundai Palisade көлігінің жүргізушісіне назар аударған.

Тексеру бойынша ол 2026 жылдың өзінде 306 рет жол ережесін бұзған.

169 жағдайда жүргізуші рұқсат етілген жылдамдықтан асқан.

Тағы 134 рет қоғамдық көлікке арналған жолақпен жүрген.

3 мамырда камералар оның Ұлы Дала даңғылында сағатына 137 шақырым жылдамдықпен жүргенін де тіркеген.

Прокуратура құқықбұзушылықтардың жүйелі сипатына назар аударды. Сот жүргізушінің әрекетін ұсақ бұзақылық деп саралап, 10 тәулік әкімшілік қамау тағайындады. 

Барлық жаңалықтар