Астанада адам шошырлық оқиға болды. Анасын пышақтап өлтірді деген күдікпен қызы ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қайғылы оқиғаны қалалық Полиция департаменті растады. Агенттік тілшісіне берген пікірінде әйелдің зорлық-зомбылық белгілері бар мәйіті табылғаны бойынша полиция қылмыстық іс қозғады.
«Қылмыс жасады деген күдікпен оның 30 жастағы қызы анықталып, ұсталды.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, араларында жанжал шығып, ол ұрыс-керіске ұласқан. Сол сәтте қызы анасын пышақтап жарақаттаған.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүргізіліп жатыр», – делінген ПД түсініктемесінде.