Астанада өтетін Backstreet Boys-тың концертіне дайындық басталды

Астанада өтетін Backstreet Boys-тың концертіне дайындық басталды

Астанада 21 қыркүйек күні әйгілі Backstreet Boys тобының концерті өтеді. Қала әкімдігі көрермендердің ыңғайлылығы үшін бұл күні арнайы автобустар ұйымдастыратын болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әкімдік мәліметінше, шаттл-автобустар көрермендерді концерт өтетін «Астана Арена» стадионына жеткізеді.

Көрермендерді жеткізу сағат 16:00-ден бастап бес аялдамадан басталады:

  • «Астаналық цирк» автотұрағы;
  • «Әзірет Сұлтан» мешітінің автотұрағы;
  • «Қазақстан» спорт кешені (Қ.Сәтбаев көшесі) алдындағы автотұрақ;
  • Орталық саябақ автотұрағы;
  • «Бас мешіт» алдындағы автотұрақ.

«Қосымша шаттл-маршруттардың ұйымдастырылуы жолдағы көлік кептелісін азайтып, қала тұрғындары мен қонақтарының ыңғайлылығын қамтамасыз етеді», – делінген әкімдік хабарламасында.

Барлық жаңалықтар