Астанада үш автокөліктің қатысуымен жол апаты болып, соқтығысқан машиналардың бірі тротуарға шығып кетіп, велосипедшіні қақты. Kia Rio жүргізушісі мен екі жолаушысы ауруханаға жеткізілді, қаза тапқандар жоқ, деп жазады Democrat.kz.
Апат Тәуелсіздік пен Қалдаяқов көшелерінің қиылысында болған.
Полицияның алдын ала мәліметінше, Kia Rio жүргізушісі солға бұрылу кезінде қарсы бағытта келе жатқан L9 автокөлігіне жол бермеген.
Екі автомобиль соқтығысқаннан кейін L9 көлігі тротуарға қарай ұшып кеткен.
Сол жерде автомобиль велосипедшіні қағып, кейін тағы бір машинамен соқтығысқан.
Kia Rio жүргізушісі мен екі жолаушысы медициналық мекемеге жеткізілді.
Полиция жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайын анықтап жатыр.