Шығыс Қазақстан облысында мемлекеттік мекеменің бухгалтері бір жыл бойы бюджет қаражатын өзінің банк шотына аударып отырғаны анықталды. Прокуратура келтірілген шығын көлемін 10 млн теңге деп бағалап отыр, деп жазады Democrat.kz.
Заңбұзушылықты Алтай ауданының прокуратурасы мемлекеттік қаражаттың жұмсалу тиімділігін тексеру кезінде анықтаған.
Тексеру аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінде жүргізілді.
Прокуратура мәліметінше, мекеменің бухгалтері бір жыл ішінде екі бюджеттік спецификацияны пайдаланып, мемлекеттік ақшаны өзінің жеке банк шотына аударып отырған.
Жалпы шығын 10 млн теңгені құрады.
Материалдар құқық қорғау органдарына жолданып, сотқа дейінгі тергеу басталған.
Қазір қаражаттың қалай және қандай кезеңдерде шығарылғаны, сондай-ақ іске басқа адамдардың қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.