Астаналық 2 сынып қыздарының боғауыз сөздері жаға ұстатты

Астаналық 2 сынып қыздарының боғауыз сөздері жаға ұстатты

Астана қаласындағы №63 мектептің бастауыш сынып оқушыларының арасындағы буллинг әрекеттер мен желі чаттарында жазысқан сөздері жаға ұстатты деп жазады Democrat.kz.

Таяуда ғана Семейден Астанаға көшіп келген отбасының қызы Әсел 2 сынып оқушысы. Әселдің сыныптастарының чатта жазысқан сөздеріне куә болған анасы қызына жасалып жатқан буллинг пен титтей оқушылардың сұмдық сөздер жазған чат скриндерін көрсетті. 

Әселдің анасына сыныптағы басқа оқушының шешесі балалар чатында жазылып жатқан жайттардың көшірмесін көрсеткен. 

Чат жазбаларында Әселді қорлау, мазақтау сияқты сұмдық сөздер бар. "Екінші сыныптың оқушыларының чатында! Қорқыныштан қолдарым дірілдеп тұр" дейді Әселдің анасы. 



 

Барлық жаңалықтар