Астананың түнгі клубында жас жігіт пышақталып, көз жұмды

Астананың түнгі клубында жас жігіт пышақталып, көз жұмды

Астананың түнгі клубтарының бірінде қайғылы оқиға болып, салдарынан жас жігіт көз жұмған деп жазады Democrat.kz.

Журналист Михаил Козачковтың жазуына қарағанда, оқиға 7 қыркүйек күні болған. 

Астананың "Амазон" түнгі клубында келушілер арасында жанжал туындап, салдарынан 19 жастағы Азат деген жігіт пышақталып, көз жұмған. 

Қазіргі кезде күдікті қамауға алынған. Алайда қайтыс болған Азаттың туыстары қылмыстық оқиға жеткілікті дәрежеде тергеліп-тексерілмей қала ма деген қауіптерін жасырмайды.

Азаттың туыстарының сөзінше, түнгі клубтағы оқиға бақылау камерасына жазылғаны сөзсіз. Алайда түнгі клуб қызметкерлері бақылау камерасындағы видеолардың толық нұсқасын бермей отырған көрінеді. 

 

Барлық жаңалықтар