"Ата-бабаңда да бай еркек алды екі қатынды! Ерігіп!"деді қоғам белсендісі

"Ата-бабаңда да бай еркек алды екі қатынды! Ерігіп!"деді қоғам белсендісі
Бірнеше күннен бері режиссер Ақан Сатаевтың бұрынғы әйеліне қатысты қоғамда қызу талқы жүріп жатыр. Нәзира Бақаеваны кінәлап, сөгіп жатқандар аз емес. Осыған қатысты қоғам белсендісі, тіл маманы Айгүл Болатханқызы пікір білдіріп, кей еркектердің "жанды нүктесін" басатын ойды айтты деп жазады Democrat.kz. 
 
"Ақан Сатаевтың әйелі Нәзира Бақаеваның сұхбаты бекер шыққан жоқ. Бір үйде тұра беруге болатынын айтыпты Ақанның өзі. Бәйбіше статусын сақтап қалғандардың барын, бірақ өзін ондайға дайын болмағанын айтты Нәзира.
 
Сасық ағымдағының мақсаты сол ғой. Екі қатын бір үйде жүрсе. Асыл арманы сол текесақалдының бәрінің. Оранды, қылқынды, діндар болды. Шыдады. Сосын - ЖОҚ! Екі қатын бір шаңырақ астында қалғанға дайын болмады. Ата-бабам қос қатын алған деген былжыраған уәж жүрмейді қазір.
 
Ата-бабаңда да бай еркек алды екі қатынды! Ерігіп! Ал қазақтың бәрі жаппай бай болған жоқ. Ата-бабаңның қатыны аурушаң болғанда алды екінші қатынды.
 
Анығы, алып берді! Бәйбішенің өзі! Ұл таппағанда, ауру болғанда! Пәлен баланы туған балабасты әйел де болды байына қатын алғызған. Неге? Дені сау, күші тасыған еркегінен әбден тойған соң, қажыған соң! Қазіргілер оттамасын.
 
Ат үстінде жүрген бұрынғы ата-бабаңның денсаулығы жоқ қазір сенде. Дұрыс аяқкиім алып киюге шамаң келмеген соң сауыңнан импотентің көп. Өтірік деші, тфу, мә!
 
…Ал Нәзира еркіндікті қалады. Бұғаудан босады. Бес бала тауып берген қатынды бағаламаған ана еркекте ес жоқ! Тоқта! Ана жас қыз ше? Қасында тұратын. Табиғат өзінің талабын орындатпай қоймайды… Әрбірден соң бала тумай ма? Өмірі солай өтпек пе? Қорқынышты!"дейді Айгүл Болатханқызы. 
Барлық жаңалықтар