«Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Гүлнар Бижанова цифрлық құқықтар мен киберқауіпсіздікті қорғауға ерекше мән берілген жаңа Конституция жобасының маңыздылығына тоқталды деп жазады Democrat.kz.
Біз үшін “Әділетті Қазақстан” мен “Заң мен тәртіп” қағидаты бүкіл қоғамның тұрақты дамуының негізіне айналған Конституцияның құндылық негізі маңызды.
Конституция жеке деректерді, банктік құпияны және зияткерлік меншікті қорғауға кепілдік береді, бұл азаматтардың да, бизнестің де қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, — деп атап өтті Гүлнар Бижанова.
Ол Қазақстан цифрлық құқықтарды қорғау Негізгі заң деңгейінде бекітілетін әлемдегі санаулы елдердің бірі екенін айтты. Бұл белсенді цифрландыру және киберқылмыстың өсуі жағдайында ерекше маңызды.
Гүлнар Бижанова жаңа Конституция жобасы Қазақстанның дамуға, заң үстемдігін нығайтуға және тұрақты әрі әділ басқару жүйесін қалыптастыруға деген ұмтылысын көрсететінін атап өтті.