Атақты шахматшы қазақстандық Алуа Нұрманның үстінен шағым түсірді

Атақты шахматшы қазақстандық Алуа Нұрманның үстінен шағым түсірді

Германиядағы «Grenke Freestyle Open» турнирінде 18 жастағы қазақстандық шахматшы Алуа Нұрман мен әлемнің 16 дүркін чемпионы Магнус Карлсен арасында қызық жағдай болды деп жазады Democrat.kz.

Өзара партия алдында Алуа атақты қарсыласымен селфи жасаған. Карлсен қарсылық білдірмей, суретке жымия түскенімен, іле-шала ұйымдастырушыларға барып, қазақстандық спортшының үстінен шағым түсірген.

Бұған қыздың қолындағы ұялы телефон себеп болған. Жарыс регламенті бойынша ойын кезінде гаджет ұстауға қатаң тыйым салынғандықтан, бас төреші партия басталмас бұрын Алуаның телефонын тәркілеуге мәжбүр болды.

Карлсен ойыннан кейін қазақстандық спортшының шеберлігін жоғары бағалады.

Барлық жаңалықтар