Әлеуметтік желіде тараған видео қызу талқыға түсті деп жазады Democrat.kz.
ТикТок әлеуметтік желісіндегі Айша Мұсаева атымен тіркелген парақшада тараған қайын атасының жас келініне хиджама жасаған видео тарады.
"Арқама атам хиджама жасағаны туралы видео салып ем, жұрт "бұл дұрыс емес" депті. Ата, бұған сіз не айтасыз?" деп сұрайды жас келін.
"Онда тұрған ештеңе жоқ. ешқандай қайшылық жоқ" деген қайын ата мен жас келіннің "ем-домының" қалай болғаны туралы видео да беріліпті.
"Дұрыс емес, келіннің денесін атасы ұстауға болмайды" дескен жұрт ата мен келіннің хиджамасын сынап тастады.