"Атасы немересін зорлаған": Баланың туыстары қысымға ұшырауда

"Атасы немересін зорлаған": Баланың туыстары қысымға ұшырауда

Түркістан облысында өз немересін зорлады деген күдікпен нағашы атасы тергеуге алынған еді. Дардай ақсақалдың екінші сыныпта оқитын немересіне қорлық көрсеткені туралы осы кісінің өз қызы шағымданған. Алайда осы шағым баспасөз бетіне шығып, жұрт шулап кеткенде, оқиға болған Отырар ауданында тағы басқа мәселе бой көтерген деп жазады Democrat.kz.

Түркістан облысы, Отырар ауданы,Шәмші Қалдаяқов ауылында болған бұл сорақы жағдай жұртқа жаға ұстатты. 

Полицияға «ұлымды туған әкем зорлады» деген әйел арыз жазған екен. Тәртіп сақшылары қылмыстық іс қозғап, мән-жайды анықтауға кіріскені туралы кеше ақпарат тараған еді.

Алайда түркістандық блогер Олжас Мамыр кеше кешірек өз әкесінің үстінен шағым түсірген келіншектің үйіне Отырар аудандық әкімдігінің атқамінерлері келіп, қысым жасап жатқанын хабарлады. 

"Кешегі шыққан ақпараттан соң, баланың анасына түрлі қысымдар жасалып жатыр. Зорлық көрген баланың анасы денсаулығы сыр беріп, жан сақтау бөліміне түскен. 

Соны пайдаланған Отырар ауданының әкімдік қызметкерлері, Білім бөлімінің басшылары мен полициялар барып, күш көрсетіп, үйдегі алты баланы алып кетпек болған. 

Бірақ туыстардың қарсылығының арқасында, атқамінерлер балаларды алып кете алмаған. 

Десек те, қазір де зорлық көрген баланың туыстары түрлі қысымдар жасалуы мүмкін деп алаңдап отыр", деген Олжас Мамыр тиісті органдардан көмек сұрады. 

Барлық жаңалықтар