Кезекті тікелей эфирінде Нұрлан имам атеистерге қатысты пікірін білдірді деп жазады Democrat.kz.
"Атеистерге тіл тигізбеңіздер! Олардың парақшасына кіріп, боғауыз сөз жазудың керегі жоқ.
Атеистер де осы елдің бір азаматы. Дінді атеистерге тіл тигізіп, бұлай қорғаудың қажеті жоқ. Қажет болса, дінді құдай қорғап алады" деген Нұрлан имам ұлттың мүддесін қорғау керегін айтты.