Иран Диманодағы Атом реакторына соққы беремін деп Израильді қорқытты. Егер ол АҚШ пен бірге Ислам Республикасындағы билікті құлатуға тырысса, мұның арты жақсы болмайтынын ескертті деп хабарлайды Democrat.kz.
ISNA агенттігі бұл туралы әскери дереккөздеріне сүйеніп, Иранның қатаң ескертуі туралы төмндегі ақпаратты жариялады.
"Егер АҚШ пен Израиль Ирандағы режимді өзгертуге тырысса, Тегеран Израильдегі Димондағы Атом реакторына соққы береді", — делінген хабарламада.
Еске салып өтейік, өткен сенбіде АҚШ пен Израиль Иран Ислам Республикасына қарсы операция бастады. Тель-Авивте оның мақсаты Тегеранның ядролық қаруды алуына жол бермеу деп мәлімдеді. Вашингтон Иран флотын, қорғаныс өнеркәсібін құртамын деп қорқытты және ел азаматтарын режимді құлатуға шақырды.