Жыры ұзаққа созылған мұғалімдердің аттестациясына қатысты қарсылық пен наразылық пікірлері толастамай тұрғанда, ұстаздардың бірі аттестацияның жаңа ережесін жақтап, жазба жариялады деп жазады Democrat.kz.
Threads желісін қолданушы педагогтың бірі: "Талап жеп қойсаңыздар да айтайын. Сондай мықты талап болғаны үшін де ол Педагог -зерттеуші, Педагог-шебер деп аталады.
Демек соны алу үшін соған сай атқарылған жұмыс болу керек. Енді кез келген адам шебер категориясын алмайды, халықаралық деңгейде дәлелдей алуыңыз керек.
Тіл білетін, сауатты жастардың заманы келе жатыр деп білемін. Үлкен буын жастарға жол беру деген осы емес пе? Ағартушылық енді басталды дегенге келісемін. Цифрлық дәуір қайнап тұрғанда ешкім сізді бос отырғызып қоймайды" деп жазба жариялады.
