"Аттестация жалғасады": Мұғалімдер түкке түсінбей абыр-сабыр болуда

"Аттестация жалғасады": Мұғалімдер түкке түсінбей абыр-сабыр болуда

Мұғалімдерді аттестаттау процесі қайта жалғасады екен. ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ресми құжатына сәйкес, педагогтерді аттестаттау рәсіміне қатысты маңызды ақпарат тарады деп хабарлайды Democrat.kz.

Оқу ағарту министрлігі №83 бұйрық құжатын жариялады. Құжатта мұғалімдердің аттестациясына қатысты төмендегі жаңа ережелер жазылған: 

Негізгі мерзімдер:
• 14 сәуірден бастап: «Педагог-модератор» және «педагог-сарапшы» санаттарына үміткерлер үшін «Ұстаз» ұлттық платформасы арқылы құжат қабылдау басталады.
• 15 сәуірден бастап: Қалған санаттар бойынша құжаттар eGov.kz порталы арқылы қабылданады.
• 16–27 сәуір аралығы: Педагогтердің білімін бағалау (тестілеу) өткізіледі.
Маңызды: Бұл тестілеу білімін бағалауға тек алғаш рет қатысатын тұлғаларға арналған.
Ал кәсіби білімі бар, бірақ өтілі жоқ немесе педагогикалық қызметке қайта оралғысы келетіндер үшін тестілеу бекітілген жоспар бойынша ай сайын өткізіліп тұрады.

Әлеуметтік желіде жарияланған бұл бұйрыққа қатысты педагогтар "тоқтатылды деді, енді қайта жалғаса ма сонда?" деп аң-таң болуда. 

 

Барлық жаңалықтар