Аттестациядан ақшамен өтіп, талай кісі ұялмай "мұғалім" болып жүр

Аттестациядан ақшамен өтіп, талай кісі ұялмай "мұғалім" болып жүр
Белсенді ұстаз Жанар Сағынбай мұғалімдердің аттестациясында болып жатқан былықтың бірі портфолиоға қатысты масқара жайтты жариялады деп жазады Democrat.kz.
 
"Бізде осылай портфолио жинап беретін адамдар бар. Сонда комиссия ештеңе тексерместен өткізе сала ма?
Оқу ағарту министрі  Жұлдыз Сүлейменова ханым, алдыңғы жылғы педагог-шеберлердің ішінде облыс түгел ауданның бір сайысына қатысып көрмеген мұғалім педагог-шеберді алды.
 
Биыл да облыс көрмеген мұғалім педагог-зерттеушіні қорғады. Алақандай Атыраудан кім қалай жұмыс жасап жүргенін анықтау қиын емес.
Ал бізде әділдік жоқ десек ренжиді.
 
Мына суреттегі хабарламаны мұқият оқыңыздар. Бұрыннан осылай чаттарда тарап жүр.
Бұл адамдар бұл жетістіктерді қайдан алады десек осылай екен.
 
Жалған құжат тапсырады. Оны өкінішке орай сарапшылар байқамайды. Тиісті мекемелер осыны тексерсе көп жағдай анықталады" деп жазды Жанар Сағынбай. 
 
Белсенді педагогтың бұл жазбасына қатысты әріптестері мұндай жағдайлар еліміздің барлық өңірінде болып жатқанын, авторлық бағдарламаны ақшаға жазғызып, санатын өзгертіп, жоғары жалақы алып жүрген талай мұғалімсымақтың барын айтуда. 
 
Барлық жаңалықтар