Атырау облысында жоғалған отбасы: Күдікті күйеубаланың тағы бір сұмдығы мәлім болды

Атырау облысында жоғалған отбасы: Күдікті күйеубаланың тағы бір сұмдығы мәлім болды

Қоғамда қызу талқыланып жатқан жағдайдың мән-жайын анықтау үшін өңірге арнайы барған журналист Жанат Молдашова бұрын көпшілікке белгісіз деректермен бөлісті, деп жазады Democrat.kz.


Журналист Instagram желісіндегі парақшасында Ақбаян Мұқанғалиева мен Сұлтан Сәрсемалиевтің ресми түрде ажырасқанын, сондай-ақ олардың заңды некеде тұрмағанын мәлімдеді.

«Ақбаян Мұқанғалиева мен Сұлтан Сәрсемалиев ажырасып кеткен. Заңды некеде жоқ. Енді басты сұрақ туындайды: бұрынғы жұбайы 1-топ мүгедек, психоневрологиялық диспансерде есепте тұрса, ол шетелге қалай шыққан?» – деп жазды журналист.

Бұл дерек оқиғаға қатысты жаңа сұрақтар туындатып, тергеу барысына қатысты қоғамдағы күмәнді күшейте түсті.

Барлық жаңалықтар