Атырауда Азаттық көшесінде жас қыз психотроптық дәрілермен ұсталды

Атырауда Азаттық көшесінде жас қыз психотроптық дәрілермен ұсталды

Атырауда Азаттық көшесіндегі 46-үйдің ауласында жас әйелден 159 психотроптық дәрі-дәрмек тәркіленді, деп хабарлайды Democrat.kz.

Өңірлік полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен №2 учаскелік полиция пунктінің инспекторлары бірлесіп, жедел-іздестіру іс-шарасы аясында психотроптық заттарды заңсыз сақтады деген күдікпен 1998 жылы туған әйел адамды қолға түсірді.

Жастар мәслихатының депутаты, кәсіпкер Құрмаш Арыстан-Бабтың берген ақпаратына сүйенсек, ұсталған бойжеткеннің есімі – Настя. Көпқабатты үйдің ауласында өткізілген тінту амалдары кезінде одан «Тропикамид» психотроптық препаратының 159 құтысы табылып, айғақ зат ретінде алынды.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 301-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Тәртіп сақшылары психотроптық заттардың заңсыз айналымы қоғамға елеулі қауіп төндіретінін және бұл үшін қатаң қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеді.

Барлық жаңалықтар