Атырауда жауған қорқынышты жаңбыр туралы жаңа дерек шықты

Атырауда жауған қорқынышты жаңбыр туралы жаңа дерек шықты

Атырауда 25 наурызда жауған жаңбырдың құрамы талданып, оның әдеттегі жауын-шашыннан өзгеше болғаны анықталды деп жазады Democrat.kz.

«Қазгидромет» мәліметіне сәйкес, қаңтар және ақпан айларымен салыстырғанда жаңбыр суындағы тұз мөлшері айтарлықтай артқан.

Атап айтқанда, хлоридтер 5 есе, кальций шамамен 6 есе, ал магний 11 еседен астам көбейген. Сонымен қатар, сульфаттар мен гидрокарбонаттар да едәуір өскен. Мамандар мұны жаңбырдың неге «лас» болып жауғанын түсіндіретін негізгі белгі деп отыр.

Құжатта жаңбыр суына арналған нақты шекті норма жоқ екені көрсетілген, сондықтан бұл көрсеткіштерді ресми түрде нормадан асты деуге болмайды. Бірақ ақпан айымен салыстырғанда өзгеріс өте үлкен болғаны байқалады.

Мамандардың айтуынша, қатты жел Каспий теңізінің құрғаған табанындағы тұзды шаңды аспанға көтеріп, ол жауынмен бірге қалаға түскен. Бұл құбылыс адам денсаулығына, әсіресе тыныс алу жолдарына кері әсер етуі мүмкін. Бұдан бөлек, мұндай жауын топырақтың сорлануын күшейтеді.

Барлық жаңалықтар