«Атырауда жоғалған отбасы»: Көмілген мәйіттердің шындығы ашылды

«Атырауда жоғалған отбасы»: Көмілген мәйіттердің шындығы ашылды

Атырау облысында әйелінің төрт туысын өлтірді деп айыпталған Сұлтан Сәрсемалиевке қатысты атышулы сот процесі басталды, деп жазады Democrat.kz. сайты «NewTimes.kz» сайтына сілтеп.

Сот отырысында прокурор Сәрсемалиевтің Ақбаян Мұқанғалиевамен қалай танысқанын айтып берді.
Айыптау тарапының мәліметінше, олар 2016 жылы Атырауда танысып, сол жылдың мамыр айында ресми түрде некеге тұрған.

Отбасында бес бала дүниеге келген.
Алайда уақыт өте келе ерлі-зайыпты арасында жанжал басталған. Сотта айтылғандай, келіспеушіліктің негізгі себебі — бірге тұру мәселесі болған. Әйелінің туыстары жас отбасыға бөлек шығуды ұсынып, Ақбаянның жақындарының қасына қоныстануын қалаған. Бірақ Сәрсемалиев анасын тастап кетпейтінін айтып, бұған қарсы болған.

Осыдан кейін қарым-қатынас күрт нашарлап, 2022 жылы ерлі-зайыпты ресми түрде ажырасқан. Балалар анасымен қалған. Ақбаян үш баласымен бірге Атыраудағы Нұрсая шағынауданына көшіп кеткен.
Сот барысында прокурор адам өлтірудің қалай жасалғанын да егжей-тегжейлі баяндады.
“Қылмыстың ізін жасыру үшін Сәрсемалиев сарайдың ішінен шамамен 1 метр 30 сантиметр тереңдікте шұңқыр қазып, мәйіттерді сол жерге көмген.

Кейін үстін линолеуммен жауып тастаған. Одан кейін қылмысын жалғастырған. Қарабалин сарайға кірген кезде Сәрсемалиев оны іште күтіп тұрған. Кейін жәбірленушінің арқасына, кеудесіне және қолына бірнеше рет пышақ сұққан. Ауыр жарақат салдарынан Қарабалин есін жимастан оқиға орнында көз жұмды”, – деді прокурор сотта.

Тергеу нұсқасына сәйкес, Наурыз Мұқанғалиевті өлтіргеннен кейін Сәрсемалиев қылмыстың ізін жасырып, мәйіттен құтылуға шешім қабылдаған. Сол үшін түнде ауладан күрек алып шығып, үйдің оңтүстік-батыс жағындағы қоршау маңынан шұңқыр қаза бастаған. Айыптау тарабының мәліметінше, түнгі сағат үшке қарай тереңдігі бір метрден асатын, ені шамамен 80 сантиметр болатын шұңқыр дайын болған.

Одан кейін Сәрсемалиев марқұмның қалталарын қарап шығып, жеке куәлігін, “Қазпошта” банк картасын, құны шамамен 50 мың теңге тұратын Samsung A21 телефонын және 3 мың теңге ақшасын алып кеткен. Кейін прокуратура мәліметінше, мәйітті үйдегі кілемге орап, алдын ала қазылған шұңқырға апарып көмген.
Прокурордың айтуынша, шабуыл кезінде ет турайтын пышақ пайдаланылған.

Тергеу мәліметінше, дәл осындай тәсілмен кейін Насип Үтешқалиева да өлтірілген.
Сонымен қатар тергеу Сәрсемалиевтің 2023 жылдың басында бұрынғы отбасымен қайта татуласуға әрекет жасағанын мәлімдеді. Ол Атыраудан үй жалдап, бұрынғы жұбайы мен балаларымен қайта бірге тұрған.

 

Барлық жаңалықтар