Атырауда бір отбасының төрт мүшесінің өліміне қатысты резонансты іс бойынша негізгі күдікті Сұлтан Сәрсемалиев сот шешімімен екі айға қамауға алынды. Мұндай бұлтартпау шарасын қалалық мамандандырылған тергеу соты санкциялады, деп хабарлайды Democrat.kz.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, күдікті қазіргі уақытта тергеу изоляторында отыр.
Тергеу аясында Сәрсемалиев оқиға болған жерлерге жеткізіліп, тергеу әрекеттеріне қатыстырылған. Ол Жангелдин ауылына, сондай-ақ Наурыз Мұқанғалиев пен Мейрамгүл Қарабалинаның мәйіттері табылған қаладағы үйге апарылған.
Қазіргі уақытта іс бойынша жан-жақты тергеу жалғасып жатыр. Құзырлы органдар барлық мән-жайды анықтауға кіріскен.