Атырау қаласындағы Геолог ықшамауданында үй маңынан табылған Наурыз Мұқанғалиев пен Мейрамгүл Қарабалинаның мәйіттерінен үшкір заттан алған жарақаттар анықталған деп жазады Democrat.kz.
Атырау облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Құттыбай Садықов төмендегідей деректерді мәлімдеді.
Оның айтуынша, өлімнің қашан болғаны және нақты себебі сот-медициналық сараптама нәтижесінде анықталады.
«Денелерінен үшкір заттан алған жарақаттар бар. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалды», – деді ол.