Атырау облысының Жангелдин ауылында бір отбасын өлтірді деп айыпталған Сұлтан Сәрсемалиевке қатысты қылмыстық істі қарау мамыр айында басталуы мүмкін, деп хабарлайды Democrat.kz. сайты BAQ.KZ -ке сілтеме жасап.
Атырау облысының прокуратурасының мәліметінше, іс бойынша тергеу аяқталуға жақын.
Тергеу аяқталып келеді, іс мамыр айында сотқа жолдануы мүмкін, - деп мәлімдеді қадағалаушы орган.
Сараптама қорытындысына сәйкес, Сәрсемалиев есі дұрыс деп танылған. Яғни ол өз әрекеттері үшін қылмыстық жауапкершілікке тартыла алады.
Ал қаза тапқандардың қызы Ақбаян Мұқанғалиеваға қатысты түпкілікті сараптама қорытындысы әлі шықпаған.
Барлық процессуалдық әрекеттер аяқталған соң іс материалдары мәні бойынша қарау үшін сотқа жіберіледі деп күтіліп отыр.