"Атыраудағы сұмдық": Күдікті күйеубала кей айыппен келіспеді

"Атыраудағы сұмдық": Күдікті күйеубала кей айыппен келіспеді

Атырауда бір отбасының төрт мүшесінің өліміне қатысты өтіп жатқан сотта айыпталушы Сұлтан Сәрсемәлиев өзіне тағылған «қасақана адам өлтіру» бабымен келіспейтінін мәлімдеді деп жазады Democrat.kz.

Күдікті күйеубаланың айтуынша, алғашқы қақтығыс өзін қорғау кезінде болған.

Алайда тергеу нұсқасы бойынша, оқиға кезінде алдымен жұбайының ағасы Наурыз Мұқанғалиев қаза тапқан.

Кейін айыпталушы оның телефоны мен құжаттарын пайдаланып, атына бірнеше тауарлық несие рәсімдеген деген күдікке ілінген.

Прокурор мәліметінше, бұдан кейін Сәрсемәлиев жұбайының ата-анасына шабуыл жасаған. Іс материалында енесіне бірнеше рет пышақ жарақатын салғаны, кейін қылмысты жасыруға әрекеттенгені айтылған. Сонымен қатар отбасының үлкен қызы да қаза тапқан.

Тергеу дерегінше, келтірілген жалпы шығын көлемі 4 миллион теңгеден асқан. Қазір іс сотта қаралып жатыр. Соңғы шешімді сот шығарады.

Барлық жаңалықтар