"Атыраудағы сұмдық": Күдікті күйеубаланың соты өтіп жатыр

"Атыраудағы сұмдық": Күдікті күйеубаланың соты өтіп жатыр

Атырауда төрт адамды өлтірді деп айыпталған Сұлтан Сәрсемәлиевке қатысты басты сот талқылауы басталды. Ол қылмыстық кодекстің 13 бабында көрсетілген қылмысты жасады деп айыпталып отыр деп жазады Democrat.kz. сайты Kursiv-media-ға сілтеме жасап. 

Алдын ала сот тыңдауында Сәрсемалиев істі алқабилердің қарауына беруге қажеттілік жоқ деп мәлімдеді. 

Сәрсемәлиев қайын жұртын қалай өлтірген?

Қылмыстық істегі мемлекеттік айыптаушы Мирас Бауыржанов оқыған айыптау актісіне сәйкес, Наурыз Мұқанғалиев Атырау маңындағы үйде қайтыс болған.

Ол үйді Сұлтан Сәрсемәлиев пен Ақбаян Мұқанғалиева жалдап тұрып жатқан. Сол жерде Сұлтан мен Наурыздың арасында жанжал туып, Сұлтан Сәрсемалив Наурыз Мұқанғалиевті пышақтаған. Мәйітін үйдің іргесінде қазған шұңқырға көміп, үйдегі қан ізін тазалап шыққан. Сондай-ақ Сұлтан Сәрсемалиев Наурыз Мұқанғалиевтің атынан 4 млн теңге несие рәсімдеген.

Барлық жаңалықтар