Әуе компаниясы Ұлықпан Жолдасовтың қымбат гитарасын сындырып алды

Әуе компаниясы Ұлықпан Жолдасовтың қымбат гитарасын сындырып алды

Әуежайдың жүк түсірушілері әншінің өте қымбат гитарасын сындырып тастаған.

Ұлықпан Жолдасовтың назын айтқан видеосы әлеуметтік желіде тарады.

«Мені емес гитарамның сынған жерін түсір. Ұшақтың жүк салғышына лақтырып, тасыған кезде сындырған. Мысалы, мына гитара 3 700 долларов тұрады. Таза американская гитара. Енді мұны кімге айтамын?», – деді Ұлықпан Жолдасов.

Мұны көрген желі қолданушылары кеңес айтты.

«Қай компания? Сол компанияға арнап ән жаз. Клип этот, ютубқа жүкте. Европа бір әнші солай жасаған», «Маған әкелсеңіз, мін таппайтындай етіп, жөндеп беременін», «Аға, енді өлеңді қойып, терме айтсаңызшы», «Сотқа беріңіз. Төлесін» деп жзды жұрт.

Барлық жаңалықтар