Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскеріне жаңа қолбасшы тағайындалды

Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскеріне жаңа қолбасшы тағайындалды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 10 тамыздағы өкімімен Әділ Сүбебаев Қазақстан Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштері Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалды деп жазады Democrat.kz.

Ақорданың ресми хабарламасы өте қысқа: жаңа қолбасшының тағайындалғаны ғана көрсетілген. 

Бірақ тағайындаудың уақыты назар аударарлық.

Соңғы жылдары Украина–Ресей соғысы шағын әрі арзан дронның әскери және стратегиялық инфрақұрылымға қандай қауіп төндіретінін көрсетті. Сондықтан әуе қорғанысындағы міндет енді тек классикалық ұшақ немесе зымыраннан қорғанумен шектелмейді.

Қазақстан үшін мұнай-газ нысандары, әскери объектілер, электр станциялары, әуежайлар және шекара маңындағы стратегиялық инфрақұрылымды арзан дрондардан қорғау мәселесі де өзекті.

 

Барлық жаңалықтар