Испанияның Пальма аралына демалысқа ұшпақ болған бойжеткен кешкі рейске дайындалып, барынша жайлы әрі жылы киінуді ұйғарады. Таңдауы — жылтыраған велюр матасынан тігілген, стразбен көмкерілген Juicy Couture спорттық костюміне және үлпілдек угги етіктеріне түседі. 2000-жылдардағы Y2K стилін еске салатын бұл киім оған сәнді әрі ыңғайлы болып көрінген.
– Ұшақта салқын болады, түнде қонамыз. Жолға ыңғайлы киінгенді жақсы көремін, – дейді Даниэль.
Бәрі сәтті басталған: кезек жоқ, тіркеуден жылдам өткен, көңіл күй де тамаша. Бірақ металлдетектордан өтер кезде тосын жайт орын алады – қыздың киімі күдік тудырып, қауіпсіздік қызметкерлері оны қосымша тексеруге тоқтатады.
Қызметкерлердің айтуынша, оның киіміндегі жарқыраған бөлшектер металл құрылғыларға әсер етуі мүмкін. Тіпті олар Даниэльге болашақта мұндай киімді кимеуге кеңес берген.
– Өзімді қылмыскердей сезіндім, – деп әзілдеді Даниэль кейін әлеуметтік желіде.
Бұл оқиға желіде қызу талқыланды. Біреулер «қауіпсіздік бәрінен маңызды» десе, енді бірі «киім үшін адамды тоқтату артық кеткен» деп есептейді.