Ауғанстан елі қандай кәсіпкерлерді жарылқап тастайтынын мәлімдеді

Ауғанстан елі қандай кәсіпкерлерді жарылқап тастайтынын мәлімдеді

Ауғанстан билігі ел экономикасын реттеу мақсатында жаңа бағдарлама жобасын жасап, жариялады деп жазады Democrat.kz.

Бұдан былай Ауғанстан билігі егер инвестор елге 100 мың долларлық қаржы құйса, Ауғанстан мемлекетінде он жылдық тұру ыхтиярхатын бермек.

Бұл туралы Ауған үкіметі ресми мәлімдеді. Ауған үкіметінің вице министрі Абдулла Гани Барадар 
Ауғанстанда тұрақты тұрғысы келетін кәсіпкерлерге барынша жағдай жасалатынын да тілге тиек етті. 

БҰҰ мәліметі бойынша,  2024 жылғы санақта Ауғанстан халқының  71% тұрақты жұмысы жоғын, сол себепті медициналық көмекке қол жеткізе алмайтынын жариялаған. Ал әйелдерге жасалатын тыйымдардың салдарынан ел экономикасы  2024–2026 жылдары шамамен $920 млн. жоғалтқан. 

Осы  себептен де Ауған үкіметі шетелдік инвесторларды тарту мақсатында осындай бағдарлама әзірлеуге мәжбүр болған. 

Барлық жаңалықтар