Танымал продюсер Баян Алагөзова тағы да діншіл қауымды ұлардай шуылдатып қойды деп жазады Democrat.kz.
Таяуда ғана арабтың кей сөздерінсіз де өмір сүрген халық екенімізді айтам деп, діншіл қауымды бажылдатқан продюсер бұл жолы Алматының кей жолдарын сынап, "дәл Ауғанстандағыдай" деп тағы талқыға түсті.
Алматының ойдым шұқыр жерлерін сынап, қала басшылығына үндеу жасаған Баян Мақсатқызы: "Не сұмдық мынау! Көлікпен жүру мүмкін емес. Дәп бір Ауғанстанда жүргендейміз" деп реніш білдірген.
Осы реніштегі "Ауғанстан" сөзіне қадалып, жабысқан кей пенделер әлеуметтік желіде тағы шуылдап бастады.
"Ауғанстан деп әдейі дінге тиісіп отыр" дегенге саятын пікірді алға тартушылар продюсерді "тәңірқұл" деп сөгуде.
Десек те, сөздің парқын түсінетіндер "өте дұрыс айтып отыр. Алматының жолдары шұңқырға толы. Ауғанстанның тауларында жүргендей боласың", "сөздің мағынасын түсінбейтін арабқұлдар, бос сандырақтап отыр", "Ауғанстан үлгі тұтатын ел сияқты, неменеге бажылдап отырсыңдар" деп жатқандар өте көп.
