Аутист балалар туралы пікір жазған блогер жұрттан кешірім сұрады

Аутист балалар туралы пікір жазған блогер жұрттан кешірім сұрады

Аутизммен ауыратын балаларға өлім тілеген блогер жұрттан кешірім сұрады, деп хабарлайды Democrat.kz.

Әлеуметтік желіде жарияланған видеода блогер бұл әрекетке эмоциядан барғанын айтқан.

"Ауыр пікір жазғанымды қаншама ата-ана жекеме шығып жатқан соң түсіндім. Аутист диагнозы осындай көп деп ойламаппын. 2 жасар бала өзімнің баламмен жасты болған соң сол баланың орнына өз баламды лақтырып жібергендей сезім болып, ашуға беріліп айтып қойдым. ...Шын көңілмен кешірім сұраймын", - деді ол.

 

 

Еске салайық, Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқығын қорғау комитеті осы жайтқа пікір білдірген еді.

"Баланың құқығын жоққа шығаратын немесе зорлық-зомбылықты ақтайтын кез келген мәлімдеме заңға ғана емес, қоғамның адамгершілік қағидаттарына да қайшы. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Балалардың, соның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың құқығын қорғау мемлекеттің ерекше назарында", - деп жазылған хабарламада.

Барлық жаңалықтар