ТикТок әлеуметтік желісінде Зарина есімді келіншек әділдік сұрап, үндеу жасады деп жазады Democrat.kz.
Заринаның айтуынша, бұлардың ауласына бір еркек аутист баласын жетектеп келген.
"Балалар ауласына баласын жетектеп келген кісі телефон шұқып, баласына қарамаған. Бейнебақылау камераларында көргеніміздей, баласын қадағаламаған еркек алаңсыз телефон қарап отырған.
Ал сол аралықта 13 жасар ол бала менің кішкентай баламды терезеден лақтырып жіберген" деген Зарина баласының жарақат алып, бұғанасы сынғанын айтады.
"Ауру болсын, сау болсын, кез келген баланың жауапкершілігі әкесі мен шешесінде. Балаларға бас-көз болған жөн"дейді Зарина.