Ауыл имамы екінші әйелін буындырып өлтірген

Ауыл имамы екінші әйелін буындырып өлтірген
Дағыстанның Кизляр ауданындағы Тарумовка ауылының имамы екінші әйелін қызғаныштың кесірінен буындырып өлтірген деп хабарлайды Democrat.kz.
 
Кизляр ауданының мешіт имамы екінші әйелін буындырып өлтіріп, мәйітін жасырып қойған. 
Туыстары қыздарының өлгенінен арада екі апта өткенде білген. 
 
Ал имам болса, ресми некесі жоқ әйелді құнсыз санаса керек, тіпті оны арулап жерлеуді де ойламаған. 
Алайда марқұм  әйелдің туыстары қыздарын сұрастырып, іздей бастағанда имамның да қылмысы әшкере болған. 
 
Қылмыскер имам бұл әрекетін қызғаныштың салдарынан болғанын айтуда. 
Мұнан бөлек, имамның бірнеше бейресми некелі әйелдері бар екен.  
Барлық жаңалықтар