Threads әлеуметтік желісінде білім саласындағы қазіргі басты проблеманың бірі ауыл-аймақтардағы педагогтардың білім деңгейіне қатысты қызу пікірталас жүріп жатыр деп жазады Democrat.kz.
Әлеуметтік желідегі парақшасына "Мен білім министрі болсам.. Ауылдық мектептерді тексеруден бастаймын.. Көпке топырақ шашпаймын өтірік педагогтердің көбісі ауылда..." деп жазған Ернар атты желі қолданушының жазбасы жүздеген кісінің пікірталас алаңына айналды. Төменді сол жерде жазылған пікірлердің біразын назарларыңызға ұсынып отырмыз.
"Д/ш дан беретін ағай,қазақ тілден заменге беретін. Тарих мұғалім окошкада психолог болып отыратын. Завуч елде жоқ сабақтардан беретін де өмірі өтпейтін"
"Біреуі екіншісінің не келіні, не сіңлісі, не ағайыны болып шығады еще ия"
"Енді ауылды жерде мектеп пен ауруханалық амблатория ғана бар ғой! Не істесін бір үйден бір адам ғана жұмыс істеу керек деген заң шығаруға түрткі болайық па?!"
"100% келісемін. Көөөөп. Ішім ашиды ауылдың мектебіндегі білімсіз, сауатсыз, мақсатсыз мұғалімдерді ойласам. Дипломды сатып алған, сатып алған дипломы өтірік боп шыққан, тесттен басқа мұғалім өтіп берген -мұғалімдер бар. Дипломды сатып алсада өзі тумысынан білімді, саналы, сауатты адамдар болады ғой, іліп алып кетіп ізденіп жұмыс істейтін, әйтеуір адамға үйретері бар, ондайда емес қой. Айдың соңын күтіп 45 минутты босқа өткізетін мұғалімдер бар. Оқушыларды аяймын..."
"Бір күн аудиторияда отырып көрмеген, сырттай диплом ала салған мұғалім-сымақтар толып жатыр"
Бұл пікірлерде шындық бар ма, қалай ойлайсыз?

