Ауылдағы 500 үйге 3 мешіт бар: "Қош келдің Ауғанстан!" дей берейік пе?

Ауылдағы  500 үйге 3 мешіт бар: "Қош келдің Ауғанстан!" дей берейік пе?

Қоғам белсендісі Дана Мейірбекова діни мәселеге байланысты дабыл қағып, билікке үндеу жасады деп жазады Democrat.kz.

"Біздің шағын ғана ауылдағы әр 500 үйге үш үмешіттен бар!!! Зайырлы мемлекет деп саналатын Қазақстанда бұларды бақылап отырған біреу бар ма? Мешіттер мен  діни бірлестіктердің іс-әрекеттері туралы заңдары, атап айтқанда 437 және 7-баптар сақталып отыр ма? Әлде біз 1979 жылы зайырлы Ирандағыдай зомби отардың төңкеріс жасауын күтіп отырмыз ба? 

 Біз мынадай ыстықта терезелерді жауып ұйықтауға мәжбүрміз. Өйткені түн ортасында әр мешіттен дауыс күшейткішпен айтылатын азан тыныштығымызды бұзуда.

Мен Құдаймен қарым-қатынас жасау үшін мынадай делдалдар қажет деп санамаймын. Әлі де кеш болмай тұрып, депутаттардан бұл мәселені көтеруді сұраймын" деп жазды Дана Мейірбекова.

Қоғам белсендісінің бұл жазбасына қатысты, әрине діншілдер жаттанды жауаптарын жазуда. "Мешіт болмаса, имандылық болмай, ұлың - гей, қызың - лесбиан, үлкендерің - алқаш болады" дейтінге саятын әдеттегі жауаптарын алға тартқандар мешіттің көп болуы - Қазақстанды сұмдықтардан құтқарады деп санайды. 

Ал заңды алға тартқан қоғамның келесі бір тарапы - шырт ұйқыдағы Қазақстан азаматын бақырған азан даусымен ояту, тыныштығын бұзу - заңға қайшы екенін, Қазақстан - діни ел емесін, мешіттердің басым бөлігі - трайбализмдік дарақылық екенін, діни мемлекет Ауғанстанның көсегесі көгермей, керісінше ең қауіпті елге айналғанын алға тартуда. 

Барлық жаңалықтар