Түркияның Невшехир қаласында бір отбасы ыстан уланып, қайтыс болған еді. Осы отбасының қайғылы қазасында жаназада оқыс оқиға болды деп жазады Democrat.kz.
Түркияның Невшехир қаласында 27 жастағы Сафар мен оның әйелі Азиме 8 айлық сәбиімен көмірдің улы түтініне тұншығып көз жұмды.
Сафардың ағасы сол қаланың имамы Фатих бауыры мен оның отбасының жаназасын шығарып тұрып, есін жоғалтып, тәлтіректеп кетті.
Имамның осы сәті видеоға түсіп, бүкіл әлеуметтік желіні шулатты.
"Бауырынан айырылып отыр, оңай емес қой", "ауыр қайғы теңселтіп жіберген ғой", "обал болыпты" дегенге саятын пікір жазған жұрт қайғыларына ортақтасып жатыр.