"Ауыздарың көпіріп, ашпаған жерлерің қалмады!" деген журналист халыққа үндеу жасады

"Ауыздарың көпіріп, ашпаған жерлерің қалмады!" деген журналист халыққа  үндеу жасады

Танымал журналист Меруерт Әйтенова әлеуметтік желіде аузына келгенін айтып, денесін жалаңаштаған қазақ қыздарына ренішін білдіріп, халыққа үндеу жасады деп жазады Democrat.kz.

"Әлеуметтік желілердегі, оның ішінде ТикТокта жүрген қыздар, қайдан шықтыңдар? Не оқу жоқ, не тоқу жоқ, аттарыңа қарайын десек, іліп аларлық ештеңе жоқ. 

ТикТок деген сендерге жақсы болды. Ар, абырой, намыс деген сендерде қалмады. Бәрін аштыңдар. Кеуделеріңді ашып, орамалды шешіп...Орамал сені тастап кетті. 

Айдаладан келген, білмеймін қай құмның арасынан келгенін, ұяты жоқ қыздардың видеосына лайк басып отырған сендердің ақылдарың жоқ.

Нелерің бар ондайларды көтеріп? Кім олар? Қайдан шыққан? Қарама оған, жазба оған! Кім олар, біздің әлеуметтік желімізді ластайтын!?" Деді Меруерт Әйтенова. 

Дайындаған Әлия БОЛАТҚЫЗЫ

Барлық жаңалықтар