Әлеуметтік желілерде қазақстандық кейбір ораза тұтқан мұсылман қауымы бір ай бойы ерекше жағдай жасалуын сұрап, үндеу жасауда деп жазады Democrat.kz.
Ораза айында мұсылман кісілерді жұмыстан ерте жіберуді сұрап жатыр.
Себебі кешкі 6-7-де жұмыстан шыққанда мұсылман қауымы көлік кептелісіне түсіп, үйлеріне уақытылы жете алмай қиналып жүрген көрінеді.
"Таксилер де бағасын кешке қымбаттатып жібереді. Ораза ұстағандар онсыз да түскі астың уақытында жұмыста отырады ғой. Ал кешке басқалардан ертерек жұмыстан босатса"деген ұсыныс жасауда жұрт.
Бұл ұсынысқа қатысты жұрттың пікірі түрліше болуда. "Оразаны біреу үшін емес, өзі үшін ұстайды, міндетсінбесін. Бұл ел мұсылман елі емес", "дұрыс, ерте жіберсін, сосын жалақысының жартысын кессін, көрейік, ораза ұстай ма, әлде ақшаның артынан кете ме", "бүгін ораза үшін осылай сұраса, ертең намаз оқуға жағдай сұрайды, арғы күні мұсылман болғаны үшін ақы төле дейді бұлар", "дұрыс емес, ұстаған оразасы басқаларға міндет емес" дегенге саятын пікірлер жазуда жұрт.