Автобус пен жедел жәрдемдегі камералар жол ережесін бұзғандарды тіркей бастайды

Автобус пен жедел жәрдемдегі камералар жол ережесін бұзғандарды тіркей бастайды

25 тамыздан бастап Қазақстан жолдарында жүргізушілерді бақылаудың жаңа тәсілі енгізіледі. Енді кейбір автобустар, мемлекеттік көліктер және жедел жәрдем машиналарындағы камералар жол ережесін автоматты түрде бұзғандарды анықтауға қатыса алады, деп жазады Democrat.kz⁠.

Бұл өзгеріс Қазақстанның жол қозғалысы туралы заңнамасына енгізілген түзетулердің бір бөлігі.

Бұған дейін автоматты құқықбұзушылық тіркеу жүйесі негізінен жол бойындағы стационарлық камералар арқылы жүргізілетін. Енді техникалық құралдарды мемлекеттік органдардың көліктеріне, жедел медициналық жәрдем машиналарына және тұрақты жолаушы тасымалдайтын көліктерге де орналастыруға мүмкіндік беріледі.

Мұндай камералар жол қозғалысы мен автомобиль көлігі саласындағы заң бұзушылықтарды автоматты түрде анықтау үшін пайдаланылуы мүмкін.

Нәтижесінде жүргізушілер тек белгілі камералар орналасқан учаскелерде емес, қозғалыс кезінде де бақылауға түсуі ықтимал. 

Барлық жаңалықтар