Белгілі продюсер, әнші Қыдырәлі Болман оқыс жағдайды басынан өткізгенін айтып, жазба жариялады деп жазады Democrat.kz.
Қыдырәлі Болман парақшасында: "Ассалаумағалейкум, Қазақ Елі!
Ерекше мейірімді Алла сақтады.
Атқа мініп өскен балалармыз… “Сырын білмеген аттың, сыртынан жүрме”,- деген.
Шыбын шағып алды ма жануарды, оқыстан тебініп, басымен басымды соғып, “нокдаун” алып, енді жүгенді тартқан сайын көзі аларып, мөңки бастағанда,үркек аттан бәрін күтуге болады. Лақтырып тастап, шауып жөнелсе, аяғың үзеңгіде, басың жерде, аяғыңды босатып алу-мүмкін емес ! Тау-тасқа сүйреп кетуден тайынбайды. Бар ойым үзеңгіден шығып кету болды.
Өсіп қалған ұлдарыма, кешегі мерекеде қала сыртына шығып, атқа мінгізіп, ер жігіттік еңселерін бір тіктеп алуды ойлаған едім. Ауыздығын бермейтін шу асау маған түсті. Ол да Алланың болысқаны. Жанұшырған жылдамдықпен жерге өкшеммен түстім. Дәрігер сүйектері шытынаған өкшемді гипсқа салды.
Бірақ бұл жағдай - АЛМАТЫдағы концертке еш кедергі болмайды ! Санаулы күндер қалғанда кіші- гірім сынақ болды бұл. Қақатымның құрбандық шалып жатқан себебі де, осы.
Елімнің алдына-еңбектесем де шығарым анық))) Оның үстіне,мың бұралып билейтінім де шамалы", деп жазып, алда өтетін концертіне тыңдармандарын шақырды.